Айтылды. Орындалды!

305

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты – азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу, тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешу.

22 ақпан күні облыс әкімінің жеке қабылдауына келген азамат «Еңбек» саяжайына ауызсу, табиғи газ және электр жарығын жүргізу мәселесін көтерген болатын. Нұрлыбек Машбекұлы қала әкіміне, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына саяжай аумағындағы инфрақұрылым түйткілдерін мұқият зерттеп, 10 наурызға электр жарығын жүргізуді міндеттеді.

Қазіргі таңда жауапты мамандар «Еңбек» саяжайының жағдайымен танысып, қажетті инфрақұрылымдарды тартуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен саяжайдың орталық 3 көшесіне 2,8 шақырым кабель мен 36 жарықшам бағанасы орнатылды. Аталған жұмыстар демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асырылды.

Халық көтерген мәселелердің дер кезінде шешілуі сөз бен істің үйлесім тапқанын көрсетеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<