Апта ағымында

473

0

ТӨРАҒАЛАР САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясының облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдарда партияның облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен кезектен тыс конференциялар өтіп, жаңа төрағалар сайланды.

Конференция делегаттарының қолдауымен Қызылорда қалалық филиалының төрағасы болып Ибадулла Құттықожаев, Арал аудандық филиалының төрағасы болып Базарбай Төреахметов, Қазалы аудандық филиалының төрағасы болып Бақытжан Жарылқап, Қармақшы аудандық филиалының төрағасы болып Әділ Қошалақов, «Байқоңыр» филиалының төрағасы болып Еркін Рзалиев, Жалағаш аудандық филиалының төрағасы болып Жақсылық Уздембаев, Сырдария аудандық филиалының төрағасы болып Ержан Әжікенов, Шиелі аудандық филиалының төрағасы болып Болат Сыздық, Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы болып Арман Мәжитов сайланды.

Мұнан бөлек конференцияда филиалдардың саяси кеңестерінің құрамына өзгерістер енгізілді.

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТАР

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасы және өңірлік даму, білім және денсаулық сақтау, азаматтық қоғамды және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras», экономика, кәсіпкерлік, аграрлық сектор, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және  аймақтық экологиялық мәселелер, жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары аудандық және қалалық филиалдарда көшпелі отырыстар өткізд. кеңестердің атқарып жатқан қызметін баяндап, партия жұмысын одан әрі жаңғыртуды талқылады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Қала тұрғындарына және жастарға ақпараттық  кеңес беру үшін «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалы «Жастарға кеңес» жобасы аясында Тасбөгет кенті әкімдігінің қолдауымен С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, облыстық әділет департаменті, қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Отбасы банк»  акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығы мамандары жастармен кездесіп қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп,  бірқатар мәселелер бойынша кеңес берді.

***

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, қоғамдық кеңестер, қоғамдық қабылдаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 34 іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<