Арал: Жәрмеңке өтеді

695

0

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бүгін, 5 маусым күні Арал ауданының орталығында мал шығынын тоқтату мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлайды.

Жәрмеңкеге Қармақшы, Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудан әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен 19 жүк көлігі, оның ішінде 13 тіркемесімен 8 мың дана жоңышқа пресстері мен басқа да жем-шөп түрлері жеткізіледі. Жем-шөп нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<