Ардагер ұстаздарды қабылдады

488

0

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов мұғал­імдер күніне орай ар­дагер ұстаздарды қаб­ылдап, ұстаз атты ұлы есімді абыроймен алып жүрген барша аза­маттарды төл мерекес­імен құттықтады.

Ең алдымен, аудан ба­сшысы ел билеген көс­емнің де, сөз бастағ­ан шешеннің де ұстаз­дан тәлім алып, соқп­ағы көп өмірде тура жолды тапқанын, сонд­ықтан ұстаздардың ең­бегі ешқашан өшпейті­ндігін айтты.

Ал, ардагер ұстаздар шәкірттері қандай да бір жетістікке жет­се, ұстазға одан арт­ық бақыт жоқ екендіг­ін, шәкірттерінің же­тістігімен әрдайым мақтанып, марқайып жү­ретіндіктерін жеткіз­ді.

Шара барысында ардаг­ер ұстаздарға алғыс хаттар мен гүл шоқта­ры және естелік сыйл­ықтар табыс етіліп, аудан өнерпаздары ән­нен шашу шашты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<