Ардагерлер арасындағы спорттық сайыс

718

0

Бүгін Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында спорттық шара өтті.

Қазыналы қарттарымыз дойбы, шахмат, қол күрес, мылтық ату сынды спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Отызға жуық еңбек ардагерлері қатысқан спорттық шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттың төрт түрі бойынша өзара мықтыны анықтаған ардагерлер жарыс қорытындысы бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды. Айта кеткен жөн, аталмыш жарысты өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, құрмет көрсету болып табылады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ардагерлер арасындағы спорттық сайыс

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<