Арманына жеткен ару

2092

0

«Әйелдің қырық жаны бар» деп жатады дана халқымыз. Ата-бабамыздан жеткен қанатты сөз текке айтылмаған. Мына сөз де соның дәлелі. Түсінген адамға әйел болып күн кешудің өзі − жауапкершілік. Оны өз жұмысынан бақыт тапқан кейіпкеріміз Гүлмира Асилованың ұстанымынан соң тереңірек ұғынғандай болдық.

Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медицина университетін тәмамдаған бойжеткен қыз дипломын алған беттен облыс орталығындағы ЗК-169/5 мекемесіне жұмысқа орналасады. Талапты жас маманды мекеме басшылығы медицина бөлімінің бастығы қызметіне тағайындайды.  Өзіне артылған үлкен жауапкершілікті сезінген Гүлмира уақытпен санаспай еңбек етті. 

− Мен бала кезімнен форма киіп, полиция қызметкері болуды армандайтынмын. Бірақ әкем менің полицей болуыма қарсы боп, медицина саласына оқытты. Алайда, оқуды тәмамдаған соң осы мекемеге жұмысқа орналасып арманыма қол жеткіздім. Қазір полейцейдің формасын киген дәрігермін. Әділет аға лейтенанты болдым. Шын көңіліңмен жаратқаннан тілесең орындалмайтын арман жоқ екенін түсіндім, − деді ол.

Осылайша отбасы мен түздің тіршілігін үйлестірген ару бүгінде келісті келін, аяулы жар, ардақты ана, білікті дәрігер. Олай болса құқық саласында тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жанға жазасын өтеушілердің денсаулығын нығайту арқылы өз бақытыңды еселей түс дегіміз келеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<