«Ақшабұлақ» кен орнында күзгі-қысқы кезеңнің өтуі

471

0

2020 жылғы 24 қаңтардағы ақпарат бойынша Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнының газ турбиналық электр станциясында 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.

2020 жылғы 24 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес, «Кристалл Менеджмент» АҚ-ның Ақшабұлақ газтурбиналық электр станциясында №1,2,3 ГТУ газтурбиналық қондырғылары жұмыста электр энергиясын өндіру 89,2 МВт орташа тәуліктік сағаттық қуатты құрайды және «Ақшабұлақ», «Ақсай», «Нұралы-1», «Нұралы-2» кен орындарында электр энергиясына қажеттілікті 100% жабады, 50 МВт-тан астам ұлттық электр желісіне беріледі.

 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде, – деп хабарлайды.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 

Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<