Ата-аналар спорттық сайыста бақ сынады

1728

0

Фото: Қызылорда "Білім-инновация" қыздар лицей-интернаты

Аймақтық спорт турнирлері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай–ақ лицейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналар белсенділігін арттыру. Биылғы жылдағы бір ерекшелік: бұл турнир лицей түлектерінің әкелері арасында өтті, яғни лицейден түлеп ұшқан түлектердің әкелері үшін арнайы ұйымдастырылды.

«Әкелер кеңесінің» ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған турнирде Тараз қыздар лицейі, Шымкент ұлдар лицейі, Түркістан ұлдар лицейі командалары және Қызылорда қаласындағы №9 С. Шаухаманов атындағы «Білім-инновация» лицейі (ұлдар лицейі) және №10 «Білім-инновация» (қыздар лицейі) лицейлерінің әкелер командалары сайысқа түсті.

Турнир салтанатты түрде ашылып, лицей директорлары А.Сарсенбеков, А.Айбеков, «Әкелер кеңесінің» төрағасы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік білдірді. Нәтиже төмендегідей болды:

Бас жүлде – Шымкент ұлдар лицейі;

І орын – Түркістан ұлдар лицейі;

ІІ орын – Қызылорда ұлдар лицейі;

ІІІ орын – Қызылорда қыздар және Тараз қыздар лицейлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<