Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

200

0

Фото автордан

-Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» Ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету атқарушылық іс-әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. Жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті және құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; портал арқылы жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді. Мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Ж.Маханбетова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<