Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2022 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Конференцияны сот төрағасы Б.Елшібеков жүргізіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Статистикаға сәйкес, 2022 жылдың 6 айында облыс соттарының өндірісіне 1412 талап қою арызы, 31 азаматтық іс түскен, өткен жылмен салыстырғанда 148 немесе 9,5%-ке азайған. Сот төрағасының айтуынша талап қою арыздарының 1198-і сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда сот төрелігін іске асыру барысында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша биыл 14 іс жүзеге асқан. Атап айтқанда 29 талап қою арызы қабылдаудан баса тартылып, оның ішінде 240 арыз қайтарылған. Сондай-ақ, 1198 азаматтық іс қозғалып, барлығы 1268 іс аяқталды. Есепті кезеңде 142 іс тоқтатылды. Оның ішінде бітімгершілік келісіммен – 5, медиация тәртібімен – 95 іс аяқталып, аталған азаматтық істер бойынша 16 млн.теңгеден астам мемлекеттік баж сомасы талапкерлерге қайтарылды.
Биыл жекелеген санаттағы арыздардың саны азайса, кейбір санаттар бойынша көбейген. Атап айтсақ, мемлекеттік сатып алу заңнамасы, бюджет заңнамасы, мәмілелерді жарамсыз деп тануға қатысты даулар – 138-ге артса, жер қатынастарынан, келісім шартқа байланысты туындайтын және корпоративтік даулар – 96-ға азайған.
Конференция барысында сот төрағасы 2021 жылдың желтоқсан айындағы ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ, бірқатар мәселелер төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<