Авторлық және сабақтас құқықтар туралы

468

0

Doing Business рейтингі белгілі бір елде бизнесті жүргізу қаншалықты оңай екенін көрсетеді. Ол 10 бағыт бойынша есептеледі. Критерийлер арасында, мысалы, мүлікті тіркеу және кедендік рәсімдерден өту жеңілдігі, салық жүйесінің «достығы» және құрылысқа рұқсаттарға қол жетімділік. Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2020 рейтингінде үш позицияға көтеріліп, алғаш рет топ-25 елдің қатарына енді. Соңғы екі жылда еліміз өз позициясын 11 тармаққа жақсартты (2017 жылы – 36 орын, 2018 жылы – 28 орын). Бүгінде рейтингте Қазақстан 25-ші орында тұр.


Ел мен елдің байланысы дамыған сайын, олардың өнері де бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, шынайы көркем туынды, әдеби шығарма, музыка, сурет пен сәулет, талантты әнші, сахна шеберлерінің өнері даму барысында сол елдің рухани қазынасын байытады.

Осындай қатынастардың дамуы зияткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым – қатынастарды реттеу үшін және осы саланы бір жүйеге келтіру үшін халықаралық заңдардың қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасында авторлық құқықтан немесе соған байланысты туындайтын қатынастар ҚР Азаматтық құқығының, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының және басқа да нормативтік актілердің нормаларымен реттеледі. Аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, – Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясының, Авторлық құқық туралы Женева конвенциясының, Сабақтас құқықтар иегерлерінің құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясы және Женева конвенциясының, Авторлық құқық туралы Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) шартының, орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ шартының талаптарына сәйкес келеді. Авторлық құқық саласындағы нормативтік актілердің негізгі мағынасы, автордың – туындыны жасаған тұлғаның, өз туындысына мүліктік және жеке мүліктік емес авторлық құқықтары болады дегенді білдіреді.


Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Автор – шығармашылық еңбегінің нәтижесінде белгілі бір туындыны дүниеге әкелген тұлға. Мұндай туынды ғылым саласында, әдебиет саласында, өнер саласында, техника саласында болуы мүмкін. Осындай жаңа туынды дүниеге келген сәттен бастап, сол туындыға авторлық құқық пайда болады. Автордың өзі ойлап тапқан жаңа туындыға өзін сол туындының авторы ретінде танылу құқығы, және туындыны азаматтық айналымға жария түрде шығарса, оның даналарына автордың өз есімін тиісті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез-келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына, беделіне нұқсан келтіретін басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордық беделін қорғау құқығы) болады. Авторды жоғарыда көрсетілген құқықтарынан айыруға болмайды. Бұған қоса, автордың немесе өзге құқық иеленушінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға құқығы мүліктік құқық немесе айрықша құқық деп танылады. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқығы, туындыны өз қалауы бойынша кез келген уақытта, кез келген мақсатта қолдана алады.


Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына оның мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Сабақтас құқықтардың субъектілері орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары болып табылады. Жоғарыда аталған сабақтас құқық субъектілерінің де құқықтары болады, және бұл құқықтар заңға сәйкес қорғалады.


Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңында көзделген авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.


Қызылорда облысы Әділет департаментімен зияткерлік меншік саласы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің (ДЭФЖБҚИ) «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту бойынша зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушы тұлғалармен, кәсіпкерлермен мекеме, ұйымдарда 133 шығулар ұйымдастырылды, 7 дөңгелек үстелдер, 24 семинарлар, 8-газетке мақала, 2-телеарна, радиодан сұхбат, 2-бейнеролик орналастырып, 73-дәрістер, 10 онлайн кеңестер, 7- түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атқарылған шаралардың 32-і Веб сайтқа орналастырылды.


Барлық қала, аудандық әділет басқармалары зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылармен, құқық иегерлері, кәсіпкерлік палата өкілдерін қатыстырып, «Нұр Отан» партиясы қалалық, аудандық филиалының ғимараттарында 3 «Ашық есік» күндері өткізіліп, барлығы 17 азаматтардың берген сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.Өткізілген шаралар Әділет департаментінің Веб-сайтына жарияланды.

З.Канапина,


Облыстық әділет департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<