Ауа райы қандай болады?

694

0

2020 жылғы 31 желтоқсан – 2021 жылғы 2 қаңтарда елімізде тағы да аяз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атлант мұхитынан келген циклон тек шығыс аймақтарға әсер етіп, ауа температурасының көтерілуіне себеп болады, ол жақта қар жауады. Қазақстанның қалған аумағында Таймыр маңынан келетін суық антициклон орнайды. Ол шығысқа қарай жылжып, солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы түнде минус 30-35-ке дейін төмендейді, кейбір аудандарда 40 градус аяз болады», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<