Айқындалған міндеттерді орындау маңызды

393

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды кезеңде өзінің «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты бағдарламасын Қазақстан халқына жария етіп, ең негізгі үш бағытты айқындаған болатын. Бағдарламада саясат, елдегі жүргізілетін реформалар, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік салаға қатысты мәселелер толық қамтылған.  

Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағдарламада белгіленген мін­деттерді жүзеге асыру іс-қимыл жоспарын бекітті. Іс-қимыл жос­парындағы мемлекеттік қыз­метті жетілдіру, сот жүйесін жаңғырту, полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік секторға қоғамдық бақылау мен есеп беруін күшейту маңызды. Монополистер тарапынан бәсекеге кедергілерді жою және асыра пайдалануды болдырмау, азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде бірыңғай стандарттар белгілеу, олардың қаржылық мүдделерін қорғау және басқа да бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында  бағаны қалып­тас­тырудың және тарифтің мәсе­лелерімен жүйелі және заттай түрде айналысу керектігін айтты. Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстағы департаменті айқын­далған міндеттерді орындау бой­ынша іс-шаралар белгіледі. Атап айтқанда, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық сала­сындағы тұтынушылардың қа­­ражаттарын мақсатқа сай пай­даланылуын бақылау кү­шей­­ті­леді. Қабылданатын ше­шімдердің ашықтығы мен жа­риялылығы қамтамасыз етіледі, табиғи монополия су­бъектілері мен қоғамдық ма­ңызы бар субъектілерінің қыз­меттеріне тарифтердің негіз­сіз өсуіне жол бермеуі бойын­ша барлық қажетті шаралар қабылданады. Мемлекет бас­шысының сайлауалды бағдар­ламасында ай­қындалған міндет­тердің дер кезінде орындалуына бір кісідей жұмыла жұмыс жасаймыз.

Гүлмира ӨТЕГЕНОВА,

ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<