Азаматтық сотта түрлі санатта істер қаралады

329

0

Қызылорда қалалық сотының 2023 жылдың I тоқсанындасот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары және медиация бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында қалалық сот төрағасы Дархан Кентбаев бірінші тоқсан бойынша істер туралы айтып, азаматтық істер жөніндегі сот төрелігін жүзге асыру қорытындылары жөнінде баяндады.

– 2023 жылдың 3 айында  барлығы 2268 талап қою мен 65 азаматтық іс түсті. Айына түрлі санатта 300-ге жуық іс қаралады. Есепті кезеңде қаралған істердің санатына тоқталсақ, еңбек ақы өндіру туралы – 9 іс, жұмысқа қайта орналастыру туралы – 6 іс, неке бұзу туралы – 319 іс, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы – 83 іс, жер құқық қатынастарына байланысты даулар бойынша – 15 іс, шарттық міндеттемелерге байланысты даулар – 562 іс, зиян өндіру туралы – 13 іс, оның ішінде моральдық зиян өндіру туралы – 5 іс, денсаулыққа келген зиянды өндіру туралы – 8 іс қаралды.

– Бір айта кетерлігі, азаматтық істер өткен жылмен салыстырғанда артып отырғанын байқалады. Қаралатын істердің басым бөлігі неке бұзу фактісі. Бұл қоғам алаңдаушылығын тудырады. Сот шешімі шықпас бұрын екі тұлғаға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы уақыт беріледі. Сол мерзімде қателігін түсініп, қайта қосылып жататындарда кездеседі. Сонымен қатар неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 523 талап қою /2022 ж 3 айында – 446/ түскен. 215 шешім қабылданған, оның ішінде 210 қанағаттандырылған. Сондай ақ тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар, жер құқық қатынастарына байланысты даулар, еңбек даулары бойынша, меншік құқығын тану жайлы дауларды реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі – татуластыру рәсімдерін дамыту болып табылады. Сонымен қатар 6 азаматтық іс бітімгершілік шартпен, 56 азаматтық іс медиация тәртібімен және 1 іс партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталған. 2023 жылдың 3 айында 4 469 талап қоюлар мен басқа да құжаттар сот кабинеті арқылы түсіп, тіркеуге алынған. Бүгінгі күні 2023 жылы татуласу рәсімдерімен аяқталған істердің сандарын көбейтуге бағыттағы жұмысты жандандыру барысында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық сотымен жасалынған жұмыс жоспарына сәйкес татуласу рәсімдерін халық алдында насихаттау үшін тиісті құзырлы мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, оқу сабақтары өткізіліп, БАҚ арқылы мақалалар жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұрады, – дейді сот төрағасы.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<