Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесінде қызметін жалғастыра ма

185

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осыған дейін ведомствоны басқарған Ажар Ғиниятпен болған кездесуі жайында айтып берді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Ажар Ғиниятқызымен кездестім. Біз әріптеспіз, біраздан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Әр кезеңде түрлі ведомство басшысына жүктелетін өзіндік міндеттер болады. Ажар Ғиниятқызы елдегі коронавирус індеті жаппай таралған кезінде қызметке келіп, оның барлық жұмысы жедел басқаруға бағытталды. Сонымен қатар, қазір біз вакцинамен басқарылатын инфекцияларды көріп отырмыз. 2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Сондықтан біз оның тәжірибесін міндетті түрде қолданамыз», – деді А.Әлназарова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Ажар Ғинияттың осы жүйеде қалуы мүмкін деген пікірін білдірді.

Сондай-ақ журналистер министрден «А.Ғиният жұмысқа қатысты қандай да бір кеңес берді ме» деп сұрады.

«Біраз нақты кеңестер айтылды… Негізі, жұмыс барысында аппараттағы жағдайды көресіздер. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, жауап беруге кез келген уақытта дайынмын. Барлық ұсыныс ескеріледі. Ажар Ғиниятқызы өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындады», – деді Денсаулық сақтау министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<