Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді

363

0

Бүгінгі күнге басты мәселелердің бірі – азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауы. Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауда ұстау үшін құрылған арнайы жұмысшы топ кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аудан орталығында орналасқан сауда үйлердің қоймаларында бүгінгі күнге қолда бар азық-түлік өнімдерінің қорлары 123 тонна.

Бүгін аудан әкімі Б.Сәрменбаев сауда дүкендерінде болып, азық-түлік бағасының тұрақтылығына бақылау жасады. Азық-түлік бағасының өсуі – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін негізгі фактор болғандықтан, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығы аудан басшысының күн тәртібінен түскен емес.

Сонымен қатар, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында 3 мәрте жәрмеңке өткізіліп, ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<