Бабаға құрмет – тарихқа тағзым

1302

0

Облыстық филармонияда түркітектес мәмүліктер арасынан шыққан даңқты қолбасшы, мемлекет қайраткері Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған «Бабаға құрмет – тарихқа тағзым» атты танымдық концерт өтті.

Концерт шымылдығы «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің орындауындағы Шолпан Қорғанбектің «Сұлтан Бейбарыс» күйімен ашылды. Одан соң «Томирис» би ансамблі «Аманат» биін және «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Биімбетова Зағипа Иманғазиеваның «Бейбарыс бабаға» атты арнау өлеңін орындады.

Даңқты қолбасшыға арналған іс-шарада «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, республикалық байқаулардың лауреаттары Әділхан Қуаңбаев, Марат Сүгірбай және Жәнібек Жақсан өнер көрсетті. Олар Серік Сағынтайдың «Бейбарыстың елге оралуы», Базар жыраудың «Сөйле, тілім жалпыдан» шығармасын, Марат Бердіғұловтың «Көк бөрі» күйін, Бақытжан Қыдырәліұлының «Бейбарысты аңсау» шығармасын, Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» толғауын және т.б. орындады.

Сондай-ақ, филармония артистері А.Жаппарбердиев, Б.Айымбетов, А.Ақботаұлы және Б.Қожанияз Бейбарыс сұлтанға арналған қойылым қойып, көрермен көзайымына айналды.

Кеш соңында көрермендер тағылымды іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан шығармашылық топқа және режиссері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Іздіқұловаға алғыс айтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<