Баға тұрақтылығы үшін тиісті шаралар қабылдануда

1042

0

Биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық -түліктауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту үшін облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде. Оғанмаңызы бар азық-түліктің 19 түріенгізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Жалпы аймақтағы сауда орындарында азық-түлік тауарларының қорыжеткілікті, өнімдердің тапшылығы байқалмайды. Облыс табағаны тұрақтандыру мақсатынд аөңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Ол үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1396,9 тонна өнім бар.

«Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеудің тағы бір тиімді шаралары ретінде «айналым» схемасы бойынша кәсіпкерлерге заем беру тәсілі кеңінен пайдаланылуда. Бүгінгі күні «айналым схемасы» бойынша 973 млн. теңге заем 19 кәсіпкерлік субъектілеріне берілді. Заем алған кәсіпкерлер 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қалада орналасқан 36 әлеуметтік дүкенде және қосымша 14 ірі супермаркетте келісім негізінде ашылған әлеуметтік бұрыштардан арықтан төмен бағада жеткізіп, сатуда», – деді Талғат Тұрсынұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<