Абай шығармашылығына арналған танымдық сабақ өтті

188

0

Қызылорда қаласындағы Ақмешіт филиал музейінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласы аясында «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» атты танымдық сабақ өткізілді. 

Сабақ барысында №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектеп оқушылары Абайдың өмірі мен шығармашылығы турасындағы кітаптар, жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, музей экспозициясындағы латын әрпінде жазылған Абайдың өлең жинақтарын оқып, өзара талқыға салды. Сабақ барысында ұлы ақынның өмірі туралы мәліметтермен бөлісіп, туындыларын жатқа оқыды.