Балалар сайлауға барды

455

0

20 қараша – «Бүкіләлемдік балалар күні» мерекесі қарсаңында өтіп жатқан сайлауға кішкентай бүлдіршіндер де қатысты. Бұл №201 сайлау учаскесінде орын алды. Қала тұрғыны Әнуар Түркінбаев саяси науқанды көрсін деп балаларын да ертіп барған. «Балалар жылында» сайлауды көргісі келген балаларға сыйлық берілді.

Учаскеде саулаушыларды жылы қарсы алды. Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқызып еліміздің потриоттық әндері қосулы тұрды. Осы аймаққа қарасты ардагер ұстаз Әліпбаева Мадина отбасымен бірге келіп таңдау жасады.

– Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасауымыз маңызды. Балаларымыз бейбіт елде, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Демалыс күні болғанына қарамастан барлық балаларымды алып келдім. Елдің Президентін сайлау –  үлкен науқан. Оған барлық азамат белсенді қатысуы керек, – дейді ардагер Мадина Нұрасылқызы.

Мектеп түлегі, «Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалының директоры Сәулебаев Әділжан да алтын ұя мектебінен дауыс берді.

 – Тұрғындар таңғы 8-ден бастап белсенді келді. Дауыс беруге алғашқы болып келген 86 жастағы Байбосынов Құлбай ағамыз, Төлебаева Марина және 18 жастағы алғаш рет дауыс беруші Акбаров Арман бар. Оларға сайлау учаскесі атынан сыйлық бердік. Үлкендер сайлаудың маңызын айтып, бата берді, – деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат Сағындықұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<