Балаларды сауықтыру орындарының қауіпсіздігі бақылауда

108

0

Фото: newsler.ru сайтынан алынды

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалар бақылауында  қала сыртындағы 8лагерь жұмыс істейді. Қызылорда облысының білім басқармасының мәліметіне сәйкес биыл облыс аумағында орналасқан 8 лагерьде 7 ауысымда 7035 бала демалыспен қамтылады деп күтілуде.  Одан бөлек, 290 мектеп жанынан тамақпен және тамақсыз күндізгі тынығу лагерьлерінің жұмысы ұйымдастырылады. Онда  98 мыңға жуық оқушы қамтылады деп күтілуде, сонымен қатар 5646 баланы облыстан тыс орналасқан лагерьлерде демалдыру  жоспарлануда.

Барлық балаларды сауықтыру ұйымдары ҚР ДСМ 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балаларды сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуде. Әрбір лагерьге бекітілген эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 23 оқыту семинарларын өткізді, лагерьлердеде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірмелер, әдістемелік көмектер ұйымдастырылды.

Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық компаниялар ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде таратылатын, сондай-ақ, лагерьлерде таратылатын жадынамалар мен ұсыныстар әзірленді.

Облыс көлемінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлеріндегі су айдандары мен жабық бассейндерден 24 су сынамасы және топырақтың 18 сынама іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

Маусым бойы су айдындары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. Балалардың жазғы лагерьде қауіпсіз болуының негізгі талаптары лагерь аумағы қоршалуы, ауыз суды үздіксіз беру, ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, желдету ұйымдастырылуы тиіс.

Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.

Д.Жаңабергенова,

облыстық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<