Балабақшада денсаулық күні өтті

1493

0

Қаладағы №32 «Қызғалдақ» санаториялық балабақшасында «Мықты, батыл, епті, шебер» атты денсаулық күні өтті.

Іс-шараға кішкентай зерттеушілер, Ботақан тобының бүлдіршіндері қатысты. Олар «Жасұлан» және «Жалын» тобы болып екіге бөлініп сынға түсті. «Қысқы ермек» Эстафеталық ойындарға балаларды Денешынықтыру нұскаушысы Бекзат Нақышов пен тәрбиешілері Қымбат Копирбаева мен Айзада Арыстанова тыңғылықты дайындаған. Балалар «Кім жылдам», “Аққала” құрастыру, «Мергендер» атты кезеңде түрлі эстафеталық ойындарға қатысты. Нәтижесінде тәрбиешілер «достық жеңді» ұранымен екі топты да марапаттады. «Денсаулық күні» денешынықтыру нұскаушысы Бекзат Нақышовпен балалардың «Қара жорға» биімен аяқталды. Ата-аналар педагогтер мен балабақша меңгерушісі Жанар Ұзақбергенқызына алғысын білдірді. Айта кету керек, балабақшада барлық бала күн сайын таңертең Ән ұран шырқап, дене жаттығуын жасайды.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<