Балаларыңызға сақтықпен қараңыздар

431

0

Қазіргі заманда төтенше жағдайлар өте жиі кездеседі. Балаларды далаға ойнауға, қонаққа жібергенде немесе үйде қараусыз қалдырғанда бейқамдық танытатынымыз рас.

         Бірақ статистика бойынша балалардың кесірінен болатын, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиілеген. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезіндегі сақтық шараларына үйрету керек? Ең бастысы әр баоыны ерте кезден-ақ өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Мұндай ережелерді балалардың қызығушылығын оята отырып  үйреткен дұрыс.

          Көбіне балалар өрт шыққан жағдайда үрейленіп тығылып қалады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуінен бала өзінің қорқыныш сезіміне беріліп, еш әрекет жасмайды. Сондықтан байсалды болуға және ақылмен әрекет етуге үйрету қажет.

Осы орайда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет:

  • Балаларды үйде қараусыз жалғыз қалдырмау;
  • Балаларға сіріңке (оттық) және т.б тұтатқыш заттармен ойнауына жол бермеу;
  • Тұрмыстық электр қондырғыларын пайдалануларына жол бермеу;
  • Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды үйрету;
  • Өрт болғанда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалуды үйрету.

Қызылорда облысы Төтенше

жағдайлар департаменті

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

                                                                        \

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<