Басты ұстаным – ашықтық пен қолжетімділік

205

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас-қаруға жоғары талаптар қояды» деген болатын. Осылайша ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Бұл сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін көтеру  маңызды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші. Ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басты  ұстанымы – ашықтық, қолжетімділік және сапа.

Азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа көшкен. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Басқарма 5 түрлі мемлекеттік қызметті «Е-Лицензиялау» МДҚ ақпараттық жүйесімен көрсетеді. Олар – «Іздестіру қызметіне лицензия беру»; «Жобалау қызметіне лицензия беру»; «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

Бұған қоса, мемлекеттік қызметті алушы жеке және заңды тұлғалар құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау қызметіне бірінші және екінші санаттағы лицензияны алу үшін бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес іске асырған құрылыс объектілерінің құжаттарын ұсынады.

Осыған орай, іске асырылған құрылыс объектілерінің техникалық және (немесе) технологиялық жағынан қандай объектіге жататынын «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің №165 бұйрығына сәйкес анықталады.

Мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету тәртібі туралы ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған: www.gov.kz.

 И.ТҰРАСЫЛОВА,

облыстық бақылау жөніндегі

басқармасының бөлім басшысы