Білім саласындағы сыртқы талдау талқыланды

561

0

   Қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық білім басқармасы басшылығы, қалалық білім бөлімінің мамандары, сонымен қатар Қызылорда қаласы және Жаңақорған ауданы мектеп директорлары мен есепші-экономистері  қатысты.

Отырысты Комиссия төрайымы, қоғам белсендісі және «Әділдік жолы» РҚБ-нің облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес, Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, облыстық білім басқармасы және оған қарасты мекемелердің қызметіне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары жөнінде баяндама баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелеріне талдау барысында анықталған еңбекақы төлеу қоры қаражатын игеру мен мемлекеттік қызмет көрсету жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туралы жеткізді.

         Комиссия отырысы қорытындысымен, облыстық білім басқармасына өзіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту және жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында нақты ұсынымдар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<