Біртұтас тәрбие – жалпыадамзаттық, ұлттық  құндылықтар негізі

308

0

Фото автордан

Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 26 ақпаны күні Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие – жалпыадамзаттық,ұлттық құндылықтар негізі” айдарымен ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік көпір өтті. Мақсаты – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану, өзара әріптестік көпір арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізу.

Облыстық шара барысында оқу-тәрбие үдерісінде құндылықтарды білім алушылар бойына сіңіру мақсатында жан-жақты бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылды. Құндылықтарға негізделген кіріктірілген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары, құқық қорғау саласының мамандарымен бірлескен іс -шара, педагог-психологтармен, мұғалімдермен, ата-аналармен тәрбие бағытында, әдістемелік, ағартушылық жұмыстар жүргізілді. «Шуақ» мектеп театры әлем әдебиеттері негізінде «Аладдин» және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Абай» мюзиклдарын өте жоғары деңгейде сомдап көрсетті.

Іс-шара соңында Қызылорда облыстық білім басқармасының Тәрбие және спорт, қосымша білім беру орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы және бөлім басшылары кері байланыс бере отырып, ұсыныстарын ортаға салды. 4 бөлімнен тұратын әдістемелік көпір жұмысына қатысушы тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, оң пікірлерін айтып өтті.

Тоғжан СЕРІКОВА,

№277 мектеп-лицейінің мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<