Бізбен бірге уақытты тиімді өткіз

1528

0

Фото: Ашық дереккөз

Адам өмірін тіршілік әрекетіне байланысты жұмыс уақыты мен бос уақыты деп екі сатыға бөлуге болады. Жұмыс уақытындағы өмір салтының негізгі көріністері – әртүрлі формадағы еңбек. Ал бос уақыттағы өмір тіршілігінің негізгі белгілері – қоғамдық өмірге қатысу, денсаулықты нығайту, білім көтеру, дұрыс демалу, игілікті істермен айналысу.

Шындығында, жастар өздерінің бос уақытын дұрыс, салауатты пайдалана білмеуінің кесірінен теріс жолға түсіп, оның аяғы жамандық әрекеттерге әкеліп соқтыруда. Еркін уақыт – тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі. Ол әр адамның түсінігіне, талпынысына, салауаттылығына, еңбексүйгіштігіне, бос уақыт дұрыс пайдалана алуына байланысты.

Сондықтан бос уақыт: адамды еркіндікке тәрбиелейді; рухани дүниені байытуға мүмкіндік туғызады; дұрыс демалуға жағдай жасайды; қоғамдық жұмыспен, спортпен, денешынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік береді; жан-жақты кәсіптік қалыптасуға ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет. Тап осындай мақсатта жуырда Қызылорда қаласында жастардың бастамасымен орталығы «Орта»-ның ашылу салтанаты өткен болатын.

«Бізбен бірге уақытты тиімді өткіз» деген ұранды басшылыққа алған «Орталықтар» оrta ойыны, IQ орта, орта сазы, қолайлы орта, skills орта деп аталатын 5 бөлімге бөлімде қарастырған.

«Орта ойынында» жалпыға ортақ үстел теннисі, футбол, гольф сынды ойындар қамтылса, IQ ортаның әңгімесі бір бөлек. Қазақстан бойынша өткізілетін интеллектуалды сайыс квиз өткізетін көрінеді. Ойын шарты бойынша орысша әне қазақ тілінде сұрақтар қойылып чемпионат түрінде өтеді. Мәселен командамен келіп бір реттік жарна төлеу арқылы бір айдың ішінде 5 ойын, яғни 5 турға қатысу мүмкіндік берілген.
Чемпионат бойынша әр күндік турнирлік кесте шығып отырады, кейін соңғы турдың қорытындысына сәйкес бірінші мәреге жеткен командаға ақшалай сыйақы тағайындалмақ.

Чемпионаттың негізгі барысы бойынша бірінші ойында тек интеллектуальдық және әлемдік жаңалықтар бойынша сұрақтар қойылады.

Келесі ойыннан бастап тапсырмалар қарастырылған. Мәселен, көрнекті қаламгер С.Мұратбековтің «Жабайы алмасын», Стив Джобстың «Империя соблазна» деген фильмін көру арқылы талдау жұмыстары жүргізіліп, рухани білім алмасу шаралары жүзеге асады. Жастар бір-біріне айту арқылы ақпараттар есте қалып, маңызы бар туындылармен таныс болу мүмкіншілігіне.
«Креативті жастардың басын қосқан ортада бағыты «ОЮ» проектісімен ұқсас форматтағы орта сазы деп аталатын рубрика бар.

Рубриканың мақсаты – заманауи индустрияда жүрген жастарды қолдау. Заманауи ән де сәйкесінше креативті индустрияның бір тармағы болып табылады. Аталған орталықта қазірде заманауи бағыт поп стилінде жиі акустикалық және инструментлдық кештер өткізіліп жүр. Жандос Мәдениет, Ертай Жартай, Алуан сынды жас әнші-композитерлердің кештері өтіп тұрады. «Олардың сьемкасы яғни ютуб проект ұйымдастырылып, Қазақи локацияда өлеңдері жарияланып отырмақ», – дейді жоба авторы әрі жастар орталығының құрушысы Ақтілек Темірбайұлы.

Орталықтар кеш ұйымдастырумен шектеліп қана қоймай, саун чек арқылы ерікті жандардың көпшіліктің алдында өнерін салуға мүмкіншіліктер қарастырмақ. Аталған факторлар танылмаған таланттарды қолдап, ерікті өнерпаздардың өнерін ортаға салуға таптырмас мүмкіндік болмақ.

Бос уақытты тиімді өткізу деңгейі жоғары болса, бұл өз кезегінде мемлекеттің тұрмыстық жағдайы ғана емес, рухани, мәдени жағынан да дамуына үлесін тигізетіні анық. Осындай мақсатта жұмыын бастаған «Ортаның» жұмысы жемісті болғай. Ал мен өз кезегімде қазақ жастарының бір ортаға тоғысып, өзіндік атмосферасы бар орта қалыптастырып жатқанына шын қуаныштымыз.

Арайлым ӨТЕПОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<