Бюджеттік комиссия отырысы өтті

149

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен аудандық бюджеттік комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №12-2 шешімін іске асыру туралы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №245 қаулысына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Сонымен қатар,2024-2026 жылдарға арналған Аққыр, Ақсу, Аламесек, ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер туралы,аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жауапты бөлім басшыларына бюджеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берді.Бюджеттің болжамды атқарылуы және қаралуы бойынша қабылдау жасалып, кент, ауылдық округтер және дербес бөлімдер бойынша өз кірістерінің орындалуы және 01.04.2024 жылға болжамды атқарылуы тыңдалды.

Аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар пысықталып, мемлекеттік сатып алу мониторингі жасалды. Қабылдау барысында I – тоқсанға әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің орындалуы тыңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<