Болашаққа сенім берген құжат

366

0

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспеттес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін  келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. 

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын деп жазды Елбасы мақаласында. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. 

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты.  «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласы ұлы дала төсінде пайда болған бабалардан келе жатқан ұлттық мұраларымызды, мәдениетімізді терең тануға жаңа қырынан ұлықтауға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін беретін  қазақ елі ұрпақтарының рухани санасына әсер ететін маңызды тарихи құжат. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген. Бұл мақалада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған дүние тереңдей берілген. 

Елбасы мақалада түркі әлемінің бесігі, түркі халықтарының ұланғайыр даланы мекендеп, осы жерден тарағандығы, Ұлы жібек жолының да біздің жеріміз арқылы өткендігі, алма мен қызғалдақтың отаны болғанын айта отырып, өскелең ұрпақ өз елінің түп- тамырын, тарихын білуі парыз екендігін және соны зерттей отырып әлем елдеріне таныстыру керек деген ой айтты. Елбасы аталған мақаладағы ең басты көңіл бөлген мәселесі- тарихи сананы жаңғырту. Саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Бұл келер ұрпақтың, еліміздің болашағының алдындағы үлкен міндет.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша 

ҚАЖД

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<