Бүгін Мемлекет басшысы үндеу жасайды

653

0

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы бүгін сағат 20:00-де үндеу жасайтыны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді. Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның http://webtv.un.org веб-сайтынан көруге болады», дейді баспасөз хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<