Дәстүрлі қалалық байқау басталды

1784

2

Биыл 7-ші рет жалауын көтерген бұл өнер байқауына қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты қалаға жақын орналасқан кент және елдімекендердің мәдениет үйлері қатысуда.

Дәстүрге айналған байқау барысында ән-би, жыр-терме, хор ұжымдары мен ансамбльдер өз өнерлерін көпшілікке ұсынатын болады.

Ауыл-аймақтардың өнерге деген ықыласын, ұлт мәдениетіне деген ілтипатын байқататын байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Ата-бабаларымыздан бастау алған өнегелі өнерімізді паш ету, танылмай жүрген таланттарды анықтау және олардың өнерін насихаттауды мақсат еткен байқауды биыл Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары бастады.

Тақырыпқа сәйкес театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарламасын ұсынған Тасбөгеттік өнерпаздар қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлады.

Байқауға қатысушы елдімекен көркемөнерпаздары мына төмендегі кесте бойынша қалалық мәдени және демалыс паркінде сағат 19.00-де өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<