Даму жолын айқындайды

744

0

Ел Президенті Үндеуінде Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны туралы айтты.

«Бұл сайлау конституция­лық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды» делінген Үндеуде.

Осы науқан әлемдік тәжірибеге сай саяси жүйені нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, еліміздегі саяси процестерді жетілдіруге, Қазақстан дамуының жаңа саяси жолының айқындалуына септігін тигізеді.

Президент өз Үндеуінде атап өткендей, жаңа сайлау нау­қанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту жəне еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралар парламенттік оппозиция институтын жəне партиялық тізімге əйелдер мен жастар үшін 30 проценттік квота енгізу мəселелеріне қатысты. 

Сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстыруға жəне халықтың сеніміне ие болуына үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге жəне еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін.

Әмірхан НҰРЫМОВ,

«Болашақ» университетінің

жалпы білім беру кафедрасының

аға оқытушысы,

саяси ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<