Дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

384

0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланбас бұрын шаһар басшысы кадрлық ауыс түйістерге тоқталды.

Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Бердібаев Ерлан Құлахметұлының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанын айтты.

Сонымен қатар мәжілісте Тасбөгет кентінің әкімі Сыздықов Семсер Зұлпыхарұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаңа басшысы Орманов Айбек Ерғалиұлы таныстырылды.

Айбек Ерғалиұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 2015 жылы Ресей федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік автономды оқу орнын «есептеу техникасы» магистрі, 2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономика және бизнес» магистрі мамандықтары бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2016 жылы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің маманы қызметінен бастап, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды.  

2018 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін қала әкімінің көмекшісі – бас инспектор қызметін жауапкершілікпен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<