Дінтанушы мамандар қатысуымен семинар өтті

619

0

Тасбөгет кентінде орналасқан С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде және Белкөл кентінде Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Семинар жұмысына кент әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мешіт имамдары, мектеп, балабақша, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі Қ.Кеңесбеков, қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы, дінтанушы Ж.Қарғабаев және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов тақырыптық баяндамаларын жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.Осы бағыттағы семинарлар 16-17 қыркүйек күндері Қызылжарма, Ақсуат, Ақжарма ауылдық округтерінде және Титов қыстағында өткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<