Домбыра күні: Күй тартудан бейне байқау жарияланды

558

0

Елімізде «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай күй тартудан бейне байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сайысты Отандастар қоры ұйымдастырып отыр және оның шарттары қордың Facebook парақшасында жарияланды.

Сонымен, күй тартудан бағын сынайтындарға қойылатын талаптар мынадай:

Бейнені горизонталь түсіру керек, үміткер қазақтың ұлттық киімі немесе ашық түсті киіммен болуы тиіс, қатысушы қысқаша өзінің қай жерден екенін, оған қоса аты жөнін айтып өтуі қажет.

Сынға түсуші орындайтын күйді (бңреуіен ғана) өзі таңдайды және оны тартуға 30-60 секунд (1 минуттан аспауы тиіс) қана уақыт беріледі. Бейне байқау жұмыстарын қабылдау 2021 жылғы 27 маусымда аяқталады.

Қатысушы аты-жөні мен қай жерден екенін жазуды ұмытпаған жөн. Байқау материалдарын ana.chak@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

Еске салсақ, жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<