Дүние дүрмек

319

0

Ғасырлар қойнауындағы сыр

Швециялық археологтар 170 күміс монетадан тұратын қазына тауып, оның жасалған мерзімі XII ғасыр ортасы деген болжамын жария етті. 

Монеталар Висингсё аралы Браха шіркеуіндегі қабірлердің бірінен геотермиялық жылыту орнату үшін жер қазып, құбыр төсеп жатқанда табылған. Күміс брактеаттар деп аталатын  монеталарды сарапшылар 1150-1180 жылдар аралығында жасалған деп отыр.

Мұның археологтардың қызығушылығын тудырған себебі қабірден осы тектес қазынаның кейбірі бұрын-соңды табылмаған. Археологтар 20-25 жас аралығындағы адамның  брактеаттармен бірге жерленгеніне таңғалып отыр.  Табылған олжа консервациядан бұрын Йёнчепинг округінің музейіндегі көрмеге қойылады.

Тауар тасымалдайтын зымыран

Қытайдың Space Epoch ғарыш компаниясының тауар таситын зымыран жасауды қолға алғаны мәлім болды. Бұл бастаманы  Aliexpress басшылығымен бірігіп жүзеге асырмақ.

Ол бір сағат ішінде әлемнің кез келген бұрышына тауар жеткізе алады. Жобаның алғашқы кезеңі туралы айтқан компания зымыран 120 текше метрлік контейнерде 10 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады деп отыр. 

Тауар тасымалдаушыны құрастыру үшін Юаньсин-1 зымыраны негізге алынбақ. Өйткені  өткен жылы осы зымыранның қозғалтқышы сынақтан сәтті өткен еді. Дегенмен Space Epoch басшылығы  бұл оңай әрі тез біте қоятын жұмыс еместігін атап өтті.

Король көпшілік алдына шықты

Ұлыбритания королі III Чарльз қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін патшайым Камилламен бірге алғаш рет көпшілік алдына шықты. 

Жексенбі күнгі Пасха мерекесіне келген корольдің көтеріңкі  көңіл-күйі туралы британдық БАҚ жазуда. Бір жағынан ІІІ Чарльз дәстүрлі мерекеге тұрғындарды тыныштандыру үшін шықты деп жазушылар да табылды. 

Бұдан біршама уақыт бұрын Ұлыбритания королі денсаулығына байланысты мемлекеттік қызметті уақытша атқармайтынын хабарлап,  өзі үшін алаңдаған жұртшылыққа алғыс айтқан болатын.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<