Дзюдодан тағы бір қола қолда

400

0

Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Тілеген Тынарбай қола жүлде иеленді.

Ол 66 келі салмақ дәре­же­сінде белбеу ұстасқан 6 кез­десудің бесеуінде жеңіске жетіп, белдесуде ғана қарсы­ласына есе жіберіп алды.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Грекия спортшысының қос жауырынын кілемге тигізіп, таза жеңіспен ұтты.

17 жастағы спортшы, Жала­ғаш ауданының тумасы Тіле­геннің бұл әлемдік додадағы алғашқы сыны болатын. Соған қарамастан, ол жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ.

Тілеген биылғы жылдың шілде айында Тайпэйде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алға таққан еді. Ал, келесі жылдан бастап жастар арасындағы жарыстарда өнер көрсетеді.Мақсаты айқын – тəжірибе жинақтап, ересектер сапына өту.

Сондай-ақ, чемпионатта Тілегенмен қатар Сыр дзюдошысы Құндыз Жыл­қыбай да сынға түсіп, шебер­лігін шыңдады. Ол – дзюдодан бірнеше дүркін Қазақстан жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері. Жас спортшының алар асуы әлі алда, дегенмен халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк байрағын желбіретіп,  әнұранын шырқату, Құндыздың да басты мақсатының бірі.

Спортшыларды жарысқа дзюдодан облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов дайындаған болатын.

Асқақ армандарың орындала берсін, балғын палуандар!

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<