Екі тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізілді

615

0

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Krisha.kz.

Дереккөз мәліметінше, тұрғын үйге үміткерлер үшін табыс лимиті ұлғайтылды.

Енді «Бақытты отбасы» бойынша отбасының әр мүшесінің соңғы жарты жылдағы ай сайынғы табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (106 336 теңге, 2021 жылы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге). 

«Шаңырақ» және «Әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату» бағыттары бойынша – айына 3,7 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы қажет немесе 126 917,4 теңге, бұрын 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын.

Сондай-ақ, «Шаңырақ» бағдарлама бойынша Нұр-Сұлтандағы «Елорда құрылыс компаниясы» және Алматыдағы «Күрделі құрылыс кәсіпорны» уәкілетті ұйымдары салған тұрғын үй немесе проблемалық тұрғын үй кешендеріндегі үлесті сатып алуға болатыны айтылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<