Электр желілерін жаңғырту ЕҚҚДБ арқылы жүргізілуде

134

0

Қызылорда қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жоба шеңберінде электр желілерін жаңғырту жүргізілуде. Жаңғырту төменгі (400 Вольт) және орташа (10000 Вольт) кернеулі электр тарату желілері бойынша жүргізіледі. 

Ағымдағы уақытта кернеуі төмен (400 Вольт) электр желілерін жаңғырту бойынша СВ-95-2 – 3938 тіректердің ішінен 3181 данасы немесе 78% электр беру желілерінің тіректері орнатылды, СИП-4 сымдарының 102,356 км құрастырылып ілінген (өздігінен басқарылатын оқшауланған сымдар) осы типті жоба бойынша 206,8 км сымдардан немесе 49% құрастырылып ілінген, жоба бойынша 0,4 кВ 4,74 км кабельдерден 0,539 км күш кабелі немесе 49% құрастырылған. Орта кернеулі (10000 Вольт) электр желілерін жаңғырту бойынша СВ-105-5 – 3626 тіректен 2531 электр беру желілерінің тіректері орнатылды, жоба бойынша осы үлгідегі тірек немесе 70%, СВ-110-5 – 1757-ден 792 данасы жоба бойынша немесе 45%, СВ-164-1 – 18-ден 18 тірек немесе жоба бойынша берілген барлық тіректердің 100% құрастырылып, СВ-164-12 – 123-тен 23 данасы жоба бойынша немесе 20%, жоба бойынша 71,432 км сымдардың СИП-3 93,02 км сымдары немесе 76% ілінді, жоба бойынша 10 кВ 12,28 км кабельден 8,563 км күш кабелі немесе 70% құрастырылды.  КТПБ-10/0,4 кВ 630 кВА – 2 дана жоба бойынша 2 немесе 100%, КТПБ – 10/0,4 кВ 400 кВА-37 дана жоба бойынша 37 немесе 100%, КТПБ-10/0,4 кВ 250 кВА-13 дана 13 жоба бойынша немесе 100%, 10 кВ тарату пункті-1 дана жоба бойынша 1 дана.

 «Промышленная»  35/10 кВ қосалқы станцияларына кеңейтулер жүргізіліп,  қосымша 2 ұяшықты 10 кВ, «Комсомол» қосымша 3 ұяшықты 10 кВ орната отырып, 35/10 кВ кеңейту жүргізілді. РУ-10 кВ ТП-10/0,4 кВ №1 Белкөл жабдықтары ауыстырылды.

Қызылорда қаласының электр желілерін жаңғырту қаланың желілік бөлігіне қызмет көрсететін Қызылжарма ЭЖА (электр желілері ауданы) жүргізіледі.

 Қызылорда қаласының электр энергиясын тұтынушыларын электр желілерін жаңғырту апатсыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 

облыс бойынша аумақтық департаменті