Ерекше балаларға арналған өнер фестивалі

373

0

Бүгін аудандық Арал аудандық мәдениет үйінде «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мүгедектігі бар ерекше балалар қатысуымен өнер фестивалі өтті. Аудандағы ерекше балаларды өнерге тарту, олардың өнерлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара алдымен фойедегі балалардың әзірленген бұйымдары қойылған көрмеден бастау алды.

Фестивальде сөз алған аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов алдымен балаларды келе жатқан 1 маусым –Халықаралық балалар күнімен құттықтап, ерекше жандардың өмірге деген талпыныстары мен өнерге деген құштарлықтарына ризашылығын білдіріп, олардың қоғамдағы рөліне тоқталды.

Мерекелік кеш одан әрі ән шырқап, бұрала билеген, қазақ ертегілерінен үзінді қойылым қойған қатысушылардың әсем өнерлеріне жалғасты. Шарада өнер көрсеткен қатысушыларға аудан әкімі орынбасарының «Алғысы» мен арнайы сый-сыяпаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<