Facebook әлеуметтік желісі лайктан бас тартуы мүмкін

315

0

Facebook әлеуметтік желісін жасаушылар лайктан бас тартуды қолға алды. Қазір лайксыз режим тестіден өтуде. TechCrunch басылымының мәліметінше, Android платформасындағы Facebook қосымшалары лайксыз режимге көшіп жатыр. 
Сондай-ақ бұдан былай мессенджердің қолданушылары лайктың жалпы санын көре алмайды. Осы қадам арқылы Facebook қолданушыларын лайкқа тәуелділіктен арылтуға тырысып көрмек.  Бұған дейін мұндай қадамға Instagram және Twitter желілері барған еді. Instagram-ның әзірлеушілері осындай жол арқылы қолданушылардың назарын негізгі контентке аудармақ. Себебі біреудің лайк саны біреудің көңіл-күйін бұзуы мүмкін. Бұл бәсекелестік психологиялық ауытқуға шалдықтырып та жатыр.
Мұның әсерінен балалардың ой-санасы да улануда. Мұны ескерген компания өкілдері бұдан шығар жол таппақ. Ал жақында ТМД елдерінде танымал ВКонтакте желісі де трендке ілесе түсті. 5 тамыз күні кейбір ВК қолданушылары лайктың өздігінен жоғалып кеткенін байқаған. Артынша компания өкілдері мұның жүйедегі қателік емес екенін, әдейі жасалған қадам деп түсіндірді.

Дереккөз: https://massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<