Фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

219

0

22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты. 
Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды.
Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады.
 Мектеп «Park inn» by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекен-жайы бойынша сағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады. Жоба «Қазақстан Даму Ассоциациясы» ЗТБ іске асырылуда. Кіру тегін. Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<