Футбол: Әлем үздіктері рейтингінде Қазақстан клубтарының орны қандай

910

0

Euroclubindex порталы Еуропаның үздік футбол клубтарының рейтингін жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингіні Чемпиондар лигасының жеңімпазы Германияның «Бавария» командасы бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Англияның «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» клубтары келеді.

Үздік бестіктің ішінде Испанияның «Барселона» және «Реал» командалары жайғасқан. Қазақстандық клубтар арасында Алматының «Қайрат» клубы 234-орынға орналасса, елордалық «Астана» 243-орында тұр.

Қазақстандық өзге клубтардың позициясы келесідей: «Ордабасы» – 361-інші орын, «Тобол» – 363, «Жетысу» – 435, «Шахтер» – 454, «Кайсар» – 470, «Тараз» – 509, «Кызыл-Жар СК» – 523, «Окжетпес» – 548, «Каспий» – 555-орын.

Рейтингіні түзі кезінде командалардың Еурокубоктағы соңғы төрт маусымдағы көрсетіші, ел біріншілігі мен кубоктағы нәтижесі ескеріледі. Негізінен соңғы жылдағы көрсетіш қаперге алынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<