Қызылордада Бірлік күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ардагерлерді мерекемен құттықтады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Сыр өңірінің тәртіп сақшылары игі шара ұйымдастырып, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шара аясында департамент өкілдері мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері ардагерлер Салединов Рефат Резванович пен Абубакирова Фируза Абдрахмановнаның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Омаров Оралбек Тәубәқабылұлы ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ішкі істер саласына сіңірген елеулі еңбегін атап өтті.

Тәртіп сақшылары ардагерлердің ел тыныштығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтіп, олардың кәсіби тәжірибесі мен өнегелі жолы жас буын үшін әрдайым үлгі екенін жеткізді. Ішкі істер саласында қызмет етіп, саналы ғұмырын құқық қорғау жүйесіне арнаған ардагерлерге деген құрмет – кейінгі буынның парызы.