Г.Әбдіқалықова, облыс әкімі: «Мемлекеттік рәміздерге құрметті әрбір азамат қасиетті борышы ретінде ұғынуы тиіс»

582

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында облыстық инспекциялық топтың тексеру қорытындысы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасына қарасты мекемелерде, сондай-ақ, Жаңақорған ауданында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы мәселелері қаралды. Алдымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова инспекциялық топтың 2021 жыл­дың 5-30 сәуір аралығында Қызыл­орда қаласы мен аудандардағы мем­лекеттік мекемелерде жүргізген зерделеу жұ­мыстарының нәтижесін баяндады.

– 2020 жылғы 20 тамызда өткен облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ішкі саясат басқармасы облыстық полиция департаментімен бірлескен ведомствоаралық облыстық инспек­циялық топ құрылды. Инспекциялық топ жоғарыда аталған мерзімде барлығы 374 мемлекеттік мекемені қамтыды. Зерделеу барысында 35 мекемеде кемшіліктер анықталып, 13-і дер кезінде қалпына келтірілсе, 2 мекемеге әкімшілік хаттама толтырылды, – деді басқарма басшысы.

Бұл ретте облыс әкімі кейбір аудан әкімдіктері мен аумақтық департаменттердің аудандық бөлім­шелерінде заңнама талаптары сақ­талмайтынын айтып, аудан әкім­діктері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия тиісті деңгейде жұмыс істемей отырғанын сынға алды.

– Рәміздерді қолдануда аудан әкімдіктері мен облыстық бас­қармаларға қарасты мекемелерде, аумақтық департаменттердің аудандық бөлімшелерінде заңнама талаптары сақталмайтыны айтылды.    Биыл, Ел тарихындағы ме­рей­лі дата – Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­дығы қарсаңында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет арта түсуі керек. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауды қалыптастыруда, ең алдымен, өз­деріңіз үлгі болыңыздар. Алдағы уақытта заңнама талаптарын сақтамау фактілері тіркелетін болса, жеке жауап­кершіліктеріңіз қаралатынын ескертемін, – деді облыс әкімі.

Мұнан соң Қызылорда облы­сының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы және насихатталу барысы туралы аталған басқарма басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді. Басқарма басшысы рәміздерді пайдалану мен насихаттау бағытында арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, қазіргі таңда басқармаға қарасты мекемелерде кемшіліктер анықталмағанын жеткізді.

Ал, Жаңақорған ауданында мем­лекеттік рәміздердің қолда­нылуы мен насихатталуы жайын аудан әкімі Руслан Рүстемов баяндап, инспекциялық топтың ауданда анықтаған кемшіліктерінің барлығы бүгінде жойылғандығын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін шаралар қатарында мемлекеттік рәміздер ұлықталатын болады деді.

Жиында аймақ басшысы мем­лекеттік рәміздерді насихаттауда идеологиялық жұмыстарға аса мән беру керектігін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы» – деген болатын. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді барша азамат қасиетті борышы ретінде ұғынуы тиіс. Осы ретте, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аясындағы іс-шаралардың мазмұны мен өткізілу форматтары жаңа бағыттарда болуы қажет. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын бейнелейтін ерекше құнды белгілерді құрметтеу, насихаттау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті! – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық басқарма басшылары, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, аумақтық департамент басшыларына өздеріне қа­расты мекемелерде  мемлекеттік  рәміздердің  талапқа сай орналасуын тұрақты бақылауға алып, облыс­тық инспекциялық топтың тексеру қорытындысына сәйкес, кемшілік жіберген меке­менің жауапты тұлғаларының жауап­кер­шілігін қарауды тапсырды. Облыс­тық инспекциялық топ анық­таған кемшіліктерді 1 ай ішінде ретке келтіріп, аудан әкімдіктері жа­нындағы мемлекеттік рәміздер жө­ніндегі комиссияның жұмысын кү­шейтуді жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<