Галина – марафон жеңімпазы

278

0

Қала күніне орай жеңіл атлетикадан марафон өтті. «Салауатты Қызылорда» спорттық марафонына 1500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын бәсеке сұлу Сырдың символына айналған «Сыр-Ана» монументінен басталып, «Евразия» мәдени спорт кешеніне дейін жалғасты.

Марафонда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар және одан жоғары жастағы ер­лер мен әйелдер 4 топта жарысты. Нәтижесінде 18 жас­қа дейінгілер арасында Қор­қыт ата атындағы ҚМУ дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Галина Панасенко жеңімпаз болды. Галина қарсыластарын басып озып, алдыңғы шептен көрінді. Бұдан бөлек, жүлделі орындарды қанжығаға байлаған әуесқой спортшылар бар. Оларды қала әкімінің орынбасары Мира Қаз­бекова арнайы құттықтап, дип­лом мен қаржылай сый­ақы­­ларды табыстады. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, қала күніне орай ұйым­­дастырылған спорт апта­лы­ғы осымен тәмам.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<