Газада бірнеше бала үйінді астынан аман шығарылды

449

0

Фото: Anadolu Ajansı

Газада Азаматтық қорғаныс бөлімшелері мен жергілікті тұрғындар қираған ғимараттың үйіндіcінде іздеу-құтқару жұмысын жүргізді. Каzinform агенттігі бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль әскері Газа секторындағы Хан-Юнис қаласындағы Астал отбасының үйіне жасаған соққыдан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Азаматтық қорғаныс жасақтары мен жергілікті тұрғындар қираған ғимараттың үйіндіcінде іздеу жұмысын жүргізп, ұзақ күш салғаннан кейін астынан аман қалған адамдарды алып шықты.

Шабуыл салдарынан Газаның солтүстігінен қашқан 12 палестиналық қаза тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<