Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде

275

0

Биыл Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы ауылда «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында көптеген жұмыстар атқарылды.

Атап айтар болсақ, аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын орналасқан ауылға газ тартылды. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде.

Одан бөлек, ауылдағы «Балдәурен» балабақшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 көшеге асфальт төселді. Ауылды аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақарық» каналының арнасы тазаланды.

Бұл атқарылған жұмыстарға тұрғындардың айтар алғысы шексіз. Осы күнге дейін көмір жағып, күл шығарған мұратбаевтықтар табиғи газдың ауылдардың арасында алғашқы болып тартылғандығына дән риза.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<