Халықаралық стандарттың тиімділігі

336

0

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының филиалы бірлесіп, менеджмент жүйесін енгізу бойынша семинар өткізді. Шараға бизнес өкілдері, облыстық өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары қатысты.

Семинарда сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сы­­нақ зертханаларын және са­па менеджменті жүйелерін баға­лау жөніндегі сарапшы-ауди­тор Серік Құрманғалиев  ме­недж­мент жүйесіндегі халық­аралық стандарттардың жаңа нұсқасымен таныстырды. Оның қатарында ISO 9004 «Сапа ме­неджменті. Ұйым сапасы. Тұ­рақты табысқа жету бойынша ұсынымдар», ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қол­дану бойынша талаптар мен нұсқаулар» бар.

– ISO 9004 стандарты – ұтым­ды ұсыным жинақталған жүйе. Ол тұтынушылар мен мүдделі тараптардың сұранысына сай болуға мүмкіндік береді, – деді С.Құрманғалиев.

Спикер ISO 50001 энергия менеджменті жүйесі халық­ара­лық стандартының тиімді тұ­сына да тоқталды. Айтуынша, аталған құжат ұйымдарға энергия тиімділігіне, энергия тұ­тыну типіне қатысты энергия нәтижелілігін тоқтаусыз жақ­сартуға қажетті үрдістерді қа­лыптастыруға септеседі. Сонымен қатар энергия менеджменті жүйесіне қатысты талаптарды белгілеуде көмекке келеді. Жиын барысында тыңдаушылар осындай қажетті кеңестер мен тың ақпараттарға қол жеткізді. Көкейдегі сұрақтарына жауап алып, арнайы сертификаттар иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<