Халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

241

0

Бүгін Президент Жарлығы аясында аудан әкімінің халықпен кездесуі Иіркөл, Жосалы елдімекендерінде жалғасуда.

Кездесуде аудан әкімі Жандос Еркінбек алдымен ауданда, одан соң ауылдық округтерде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті. Айта кетейік, биыл облыстық бюджеттен Иіркөл ауылдық округіндегі Р.Доспанов көшесінен №8-ТВ, Жосалы ауылдық округінің Байшораұлы көшесінен №20-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, қос елдімекенде балалар және спорттық алаңының құрылғыларын орналастыруға және Жосалы ауылындағы П.Байшораұлы көшесіне заманауи жарықтандыру құрылғыларын орналастыруға, Жеңіс көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қажетті қаржылары бөлініп отыр.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді.

Аудан басшысы өз кезегінде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын айтты.

Халықпен кездесулерден кейін аудан әкімі екі елдімекенде де құрылысы жүріп жатқан балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<